14 қарашада футзалдан Қазақстан Суперлигасының кезекті тур ойындары өтеді. Олардың екеуін Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Астана уақытымен сағат 15:00–де Орал қаласында «Бәйтерек» пен «Оқжетпес» командалары кездеседі. 13 қарашада өткен алғашқы ойында қос команда 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын.

Енді қарсыластар турнирлік кестедегі маңызды ұпайлар үшін қайта таласқа түседі.

Ал сағат 19:00–де Ақтауда жергілікті «Каспий» Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Қайратты» қабылдайды.

Бұл командалар да бір күн бұрын өзара кездесіп, 2:2 есебімен тең ойнаған болатын.

Екі кездесуді де Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.