3 сағат бұрын анам қайтыс болды: қазақ файтері ауыр қайғыға қарамастан жекпе-жекке шықты
«Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен танымал қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков Nomad Fighting турнирінде ресейлік Кирилл Самброспен кездескен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жекпе-жек алдында отандасымыздың анасы қайтыс болған екен.
«Қарсыласыма рахметімді айтамын. Бұл жеңісімді анама арнаймын. Үш сағат бұрын суық хабар келген. Жекпе-жектен үш сағат бұрын анам өмірден өтті. Анашым, жанын жәннатта болсын. Ақша керек болды, кездесуге шығуға тура келді.
Анам жеті жыл ракпен ауырды. Сізді жазылып, Меккеге апарам деп ойлағанмын. Дубайға апарғым келген. Жеті жыл қиналдыңыз. Қыдыртамын деп едім. Арманыма жете алмадым», - деп спортшы көз жасын тыя алмады.
Айта кетейік, Nomad Fighting ұйымдастырған кештің басты жекпе-жегінде Ернат Түгелбеков пен ресейлік Кирилл Самброс кездескен. Жекпе-жек жеңіл салмақ категориясы бойынша өтті. Үш раундқа созылған кездесуде қазақ файтері төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.