2025 жылғы Ұлттар лигасының финалдық кезеңі Германия немесе Италияда өтеді
2025 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалдары мен финалы Германияда немесе Италияда өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Осы шешімді УЕФА атқарушы комитеті Швейцарияның Лозанна қаласында өткен отырысында қабылдады.
Шешуші матчтарды қабылдайтын ел Германия мен Италия құрамалары арасындағы ширек финалдың жеңімпазы болады. Финалдық кезең 4-8 маусым аралығында өтеді. Матчтар «Ювентус» пен «Торино» стадиондарында немесе Мюнхен мен Штутгарт ареналарында ұйымдастырылады.
Ширек финалдың алғашқы матчтары 2025 жылдың 20 наурызында, ал қарымта ойындары 23 наурызда өтеді. Бір ойыннан тұратын жартылай финалдар 4-5 маусымға жоспарланған. Үшінші орын үшін матч және финал 8 маусымда өтеді.
Айта кетейік, қазіргі Ұлттар лигасының жеңімпазы – Испания құрамасы.