16 жастағы қандасымыз Қытайдың әйелдер футбол командасының жаттығушылар тізіміне таңдалды
Қытай футбол қауымдастығы футболдан жастар арасындағы ұлттық чемпионатына (U-17) дайындық жұмыстарын бастап кетті,деп хабарлайды Sport +.
Соған орай жақында Қытай футбол қауымдастығы 17 жасқа дейінгі мемлекеттік әйелдер футбол командасының 2024 жылғы алғашқы жаттығушылар тізімін жариялады.
Аталған тізімге Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданынан келген 16 жастағы Махпер Жанарқызы таңдалған. Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Махпер бүкіл Шыңжаң бойынша жаттығу толымдылығына ие болған жалғыз спортшы.
Қытай футбол қауымдастығының әйелдер футболы жарысының жаттығу жоспарына сәйкес, 17 жасқа дейінгі әйелдер футбол командасы 2024 жылдың 23 қазаны мен 8 қарашасы аралығында Юньнань өлкесінің Юси қаласындағы халықаралық спорттық жаттығу базасында іріктеу жаттығуларын өткізеді.
Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, бұл оқу-жаттығу жиыны 2025 жылғы 17 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне дайындалу және әйелдер футболы үшін көрнекті резервтік таланттарды одан әрі дамыту болып табылады.