logo

Жұмаханов «Гиляниге» қарсы ойын туралы: Ойынымызға көңілім толмады

Жұмаханов «Гиляниге» қарсы ойын туралы: Ойынымызға көңілім толмады

«Елімай» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Косовоның «Гиляни» клубына қарсы өткен (1:1) жолдастық матчты қорытындылап, командадағы бейімделуі мен капитандықты алғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

– Ойын қалай өтті?

– Бірінші таймға келетін болсақ, қиын болды, себебі біз оқу-жаттығу жиындарын енді ғана бастадық. Қарсылас өте жақсы команда екенін көрсетті. Ойынымызға көңілім толмады, қателіктер жібердік. Бұл қателіктерден сабақ алып, келешекте қайталамауға тырысамыз.

– Семейлік командаға қосылғаныңа шамамен бір ай болды. Командадағы атмосфера қандай?

– Мұнда өте жақсы атмосфера орнаған. Ішкі чемпионатта ойнап жүрген футболшылардың көбін танимын. Адаптациям жеңіл өтті, Қазақстанның жастар құрамасында ойнаған жігіттер де осында, бұл мені қатты қуантады.

– Бірінші таймда команданы капитан ретінде бастап шықтың. Көрсетілген сенімді ақтадым деп ойлайсың ба?

– Андрей Владимировичке маған капитандық таңғышты сеніп тапсырғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Болашақта тоқтамай, әрі қарай еңбектеніп, бапкердің сенімін одан әрі ақтаймын деп ойлаймын.



Күн шежіресі