logo

Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі Sport+ арнасында тікелей эфирде

Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі Sport+ арнасында тікелей эфирде

Қазақстандық чемпион Жалғас Жұмағұлов тарихты жазуды жалғастыруда. OKTAGON еуропалық лигасының чемпионы «Жако» белбеуін алғаш рет чехиялық жауынгер Давид Дворжакқа қарсы қорғайды.

Бұл жекпе-жек 28 желтоқсанда Прагада өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.

Жұмағұловтың жекпе-жегінің шамамен басталу уақыты — 28-інен 29 желтоқсанға қараған түні, Астана уақытымен 03:00–де.