Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов ACBJJ лигасында Амир Альбазимен қарымта кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Қос спортшы арасындағы белдесу 20 желтоқсанда Дубай қаласында грэпплинг ережесі бойынша өтеді.
Еске сала кетейік, Жұмағұлов пен Альбази бұған дейін 2021 жылы UFC ұйымында кездескен болатын. Сол жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Альбази жеңіске жеткен еді.
