Әзербайжан астанасы Бакуде Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының ұйымдастыруымен әуесқой ММА-дан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық Аружан Жақан 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.
Ал 53 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Аида Аблаева қарсыластарының барлығынан басым түсіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.
Осылайша, қазақстандық қос спортшы әлем біріншілігінде топ жарды.
