Қазақстандық ACA лигасының файтері Дәурен Ермеков 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін турнирде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Отандасымыздың қарсыласы тәжірибелі болгариялық спортшы Никола Дипчиков болмақ.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Дипчиков ACA лигасының орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінде тоғызыншы орында тұр. Ал Дәурен Ермеков 11-орынға жайғасқан.
ACA турнирін Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
