logo

Златан енді Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді

Златан енді Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді

Сербияның «Партизан» клубының қорғаушысы Златан Шехович карьерасын Қазақстанда жалғастырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Transfermsrkt мәліметінше, 23 жастағы ойыншы «Ордабасына» жалға беру құқығымен өткен. Ал келісімшарт мерзімі 2024 маусымның соңына дейін жасалған.

Шехович – «Партизан» тәрбиеленушісі. Сонымен қатар «Телеоптик» және «Маккаби» (Нетания) клубтарында ойнаған. Израиль клубының құрамында үш маусым ойнаған.

Сербия жастар құрамасында 11 матчта алаңға шыққан. Шеховичтің трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.