logo

Жуков: Қазақстан құрамасында ойнағым-ақ келеді, бірақ мені шақырмаса, мен не істей аламын?

Жуков: Қазақстан құрамасында ойнағым-ақ келеді, бірақ мені шақырмаса, мен не істей аламын?

Георгий Жуков неліктен Қазақстан құрамасының сапында ойнамайтынын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Алайда Ресей мен Бельгияның азаматтығын алғанмын.  Натурализация туралы сөз болғанда мен небәрі 18-19 жаста едім. Мен әлі таңдау жасамағанымды айттым. Онымды Қазақстанда кейбіреулер қорлау деп түсінді. Менің тарапыма теріс пікірлер көп болды. 23 жасымда Қазақстан құрамасында ойнап, Польшаға көштім.

Содан кейін нақты шақырту болған жоқ. Ал карантиннің қызған шағында мен Қытайда болдым. Олар менен Қазақстан құрамасында ойнағың келе ме деп сұрады. Оған келіскеніммен карантинге байланысты қала ауыстырып жүру қиын болатынын айттым.

Қазақстанда мұнымды бұрыс түсініп, менмендік деп санады. Бірақ карантин жалғасты. Өткен жылы Қазақстанға шақырту жайында бір-екі әңгіме болған, алайда нақты ешкім хабарласқан жоқ. Мен қуана-қуана Қазақстан атынан ойнағым келеді. Бірақ мені шақырмаса, мен не істей аламын?» - деді Г.Жуков.

Сонымен қатар спортшы Қазақстан құрамасының ЕУРО-ға шығу мүмкіндігіне де баға берді.

«Таңқалдырлы деп айта алмаймын. Тек қана жігіттерді мақтағым келеді. Нәтижелері құрметке лайық. Қазақстан құрамасы Еуроға шығады деп сенемін. Мүмкіндік көп. Менің қолымнан келетіні - өз клубым үшін жақсы ойнау», - деді Жуков.

Георгий Жуков Қазақстан құрамасы сапындағы соңғы ойынын 2022 жылдың наурыз айында Молдоваға қарсы өткізген.