Модрич «Реалдан» кетуі мүмкін
Журналист Ману Карреньо мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модричке қатысты жаңалық айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жас ойыншылардың жарақаты көбейіп кеткені себеп, Модрич басқаларға қарағанда алаңда көп ойнап жүр. Модрич құрамда екінші сатыға түсіп қалғанын біледі. Егер Сауд Арабиясы немесе МЛС-ден ұсыныс түссе, ол кетуі мүмкін. Егер жақсы келісімшарт ұсынылса, маусым соңында «Реалдан» кетуі мүмкін, - деді ол.
Биылғы маусымда 38 жастағы хавбек Испания чемпионатында 16 матч өткізіп, бір гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.