Жілік-жілік ет әкетіп барамыз: Айтжанов пен Қамшыбек Париж алтыны оңайға түспейтінін айтты
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қарсыластары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бұл менің бара жатқан бесінші олимпиадам. Әрбір олимпиадада тамақ жағынан ешқандай мәселе болмады. Олимпиадада бүкіл әлем асханасы болады, сол жерден тамақтанады. Азияның немесе Американың, Еуропаның, қай құрлықтың тамағын жегің келсе, сол болады.
Ал бізге ең жақыны – ет. Сиырдың, қойдың, тауық, үйрек-қаздың етіне дейін болады. Ұлттық құрама үшін федерациямыз жігіттерге дайындаған қазы-қарта, жілік-жілік етімізді алып барамыз.
Бұл бірінші олимпиада емес, біз өзіміз үшін ет алып жүреміз. Қазақтың жігіттері ет жемесе, тамақ жегендей болмайды. Сол себептен өзімізбен бірге құртымызды, қазы-қарта, жаямызды алып жүреміз», - деді М.Айтжанов.