Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына соңғы дайындық кезеңіне кірісті
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.
Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.
Спарринг серіктестер:
50 келі. Гүлнар Тұрапбай
57 келі. Жайна Шекербекова
75 келі. Жасмин Қизатова
Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.