Жібек Құланбаева – Қазақстанның жаңа екінші ракеткасы
WTA рейтингті жаңартты және нәтижесінде Елена Рыбакина жұптық сайыста 67 позициядан айырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тағы бір қазақ қызы Жібек Құламбаева, керісінше, жұптық рейтингінде үш сатыға көтеріліп, ел өкілдері арасында екінші орын алды.
Сонымен, Қазақстанның жұптық сындағы үздік үш теннисші: Анна Данилина (44-орын), Жібек Құламбаева (141-орын) және Елена Рыбакина (192-орын).
17 қаңтарда словакиялық Хрунчаковамен жұптаған Данилина Австралияның ашық біріншілігін бастайды.