logo

Елена Рыбакина Аделаиде турнирінде жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Аделаиде турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sportplustv.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 21-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровамен кортта кездесті.

Матчты сәтсіз бастаған Е.Рыбакина қатарынан төрт геймді беріп қойды – 0:4. Бұдан кейін есепті қысқартқанымен, сет Александрованың еншісінде кетті – 3:6.

Ресейлік теннисші екінші партияда тіпті алға кетті – 5:0. Ақыры дегеніне жетті – 6:3.

Сағат жарымға созылған кездесуде Елена 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Е.Александрова 6 эйс, 5 брейкке (13 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Е.Александрова финалға шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік таластырады. Ол ширек финалда рейтингіде 41-сатыдағы украиналық Марта Костюктың меселін қайырды – 7:5, 6:3.

 



Күн шежіресі