logo

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінің жекелей сында жартылай финалға жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ширек финалда Жібек екінші нөмірлі Тена Лукасты 1:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Құламбаева Сербия өкілі Лоло Радивоевичпен кездеседі.