logo

Максим Батютенко Словениядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Максим Батютенко Словениядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Словенияның Марибор қаласында ITF World Tennis Tour M25 сериялы турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

19 жастағы қазақстандық Максим Батютенко іріктеудің финалында словениялық Валя Уранкарды 6:3, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бірінші раундта Максим австралиялық Джера Стейлиді 6:3, 7:5 есебімен, содан кейін словениялық Мех Ветрихті 6:4, 6:3 есебімен жеңді. 



Күн шежіресі