«Жетісу» үш жылдан бері «Ақтөбеден» жеңілген жоқ: «Жетісу» – «Ақтөбе» матчының тікелей эфирі
Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында «Жетісу» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.
Талдықорғандықтар соңғы екі маусым қатарынан өз алаңында «қызыл-ақтарды» 2:1 есебімен жеңген.
Сонымен қатар, «Жетісу» клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовтің әзірге ақтөбеліктерге қарсы көрсеткіші теріс.
Нани бастаған «Ақтөбе» осы сәтсіз серияны үзe ала ма, әлде Нұрдәулетов ұжымы кезекті ұпайларын еншілей ме?
Матч 18:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.