«Бешікташ» Түркия Суперлигасының көшбасшылар тобында келеді. Алайда команда сырт алаңдағы соңғы үш кездесуде небәрі бір ұпай жинаған.
12-турда ыстамбұлдық клуб өз ұпайларының басым бөлігін үй матчтарында жинаған «Коньяспормен» кездеседі.
Ильхан Палуттың шәкірттері турнирлік кестенің жоғарғы бөлігіндегі қарсыласын тағы да тоқтата ала ма?
Мұны 22 қарашада білетін боламыз.
Матч Астана уақытымен сағат 18:00–де басталады.
Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
