Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі өнерін бастайды. Команданың алғашқы қарсыласы — Польшаның «Пяст» клубы.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 23 қарашада Польшада өтеді.

«Пяст» Польша Экстракласында 10 турдан кейін екінші орында келеді. Ал «Қайрат» «Каспийді» жеңгеннен кейін Қазақстан чемпионатының көшбасшылар қатарына қосылды.

Матч Астана уақытымен сағат 23:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.