«Жеңістің» құрамы швед қорғаушысымен толықты
Елордалық «Жеңіс» 29-жасар швед қорғаушысы Беньямин Йертстрандпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы елордалық клуб ресми хабарлады.
Беньямин мансабын «Далькурд» футбол клубында бастады. Сонымен қатар «ИК Браге», «Эребру» және «Хальмстад» футбол клубтарында ойнады. Өзінің мансабында ол әртүрлі швед лигаларында 200-ден астам матч өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram