logo

Грузия жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы «Жеңісте» қаралымда жүр

Грузия жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы «Жеңісте» қаралымда жүр

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Ираклий Бидзинашвили елордалық «Жеңістің» Түркияда өтіп жатқан ОЖЖ-на келіп қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

26-жасар грузиялық ойыншының соңғы клубы «Динамо Батуми». Аталмыш клуб сапында Бидзинашвили 2023 жылғы маусымда 32 ойында 7 гол соғып көзге түсті.

Бидзинашвили 4-5 позицияда ойнай алатын әнбебап футболшы. «Динамо Батумидан» бөлек ол «Сабуртало», «Дила», «Елгава» (Латвия) және «Ереван» (Армения) клубтарында өнер көрсетті.  

Грузия жастар құрамасының сапында Бидзинашвили 4 ойын өткізді.