logo

Қазақстан чемпионатында легионерлерге арналған шектеулер жойылды

Қазақстан чемпионатында легионерлерге арналған шектеулер жойылды

Футболдан Қазақстан чемпионатында легионерлерге арналған лимит жойылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы өзінің Instagram-ғы парақшасында Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов жариялады.

Енді қазақстандық командалар өз құрамдарына 12 легионерді тіркей алады. Аталмыш ойыншыларды бастапқы құрамда ойынға шығаруға ешқандай шектеулер болмайды.

Бұрын маусымға 8 легионер енгізуге, бастапқы құрамда бір уақытта шет елден 7 келген ойыншы шығаруға рұқсат болған еді. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен ойыншылар Қазақстан чемпионатында легионерлер болып саналмады.

Сонымен қатар жаңа маусымға, ережеге сәйкес отандық клубтар тізімге 13 қазақстандық футболдың түлектерін тіркеу тиіс.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Adlet Barmenkulov (@a.barmenkulov)



Күн шежіресі