logo

Астанада шахматтан II Chess Class олимпиадасы өтуде

Астанада шахматтан II Chess Class олимпиадасы өтуде

Astana IT University қабырғасында Қазақстанның әр өңірінің мектеп командаларының басын қосқан II Chess Class олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport +.

Биылғы жылы жарысқа еліміздің 12 аймағының 35 командасына және Астана қаласының 19 командасына өкілдік ететін 174 ойыншы қатысуда.

Турнирдің жүлде қоры 3 000 000 теңге, жарыс аясында швейцариялық жүйе бойынша 7 тур өтеді.

Биылғы олимпиадаға қатысатын әр команда төрт мектеп оқушысынан және бір мұғалімнен тұрады.

Қатысушылар жас санаты ескеріліп тиісті тақталарға бөлінген, бұл: жоғары сынып оқушылары (17 жасқа дейін), төменгі сынып оқушылары (12 жасқа дейін) және де қыздардың қатысуы міндетті.



Күн шежіресі