logo

«Жеңіс» «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысымен толықты

«Жеңіс» «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысымен толықты

Елордадық «Жеңіс» клубы 32 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен келісімшартқа қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Элдер — бразилиялық «Атлетико Минейро» клубының түлегі.

Қазақстандық жанкүйерлерге Сантана «Ақтөбе» және «Қайрат» клубтарындағы өнері арқылы таныс.