Жауынгер Рүстем Құдайбергенов жеңілмеген Кұрбан Идрисовпен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер, «Alash Pride» лигасының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Рүстем Құдайбергенов Алматыда өтетін BRAVE және қазақстандық лиганың бірлескен турнирінде жекпе-жек өткізеді.
Рустем соңғы кездесуінде төрешілер шешімімен Каныбек Жаныбек уулуға есе жіберген болатын.
Құдайбергеновтің жаңа қарсыласы Бахрейн атынан өнер көрсететін жеңілмеген Кұрбан Идрисов болмақ. Курбанның рекорды — 8-0.
Турнир 31 мамыр күні Алматы қаласында өтеді. Ивентті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.