Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір Молдовамен өтетін матч алдындағы дайындық, командадағы атмосфера және жеңіске деген мақсат туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Жаттығу жиынын жақсы өткіздік. Түркістан қаласында дайындалып, кеше түнде Молдоваға келдік. Құдай қаласа, ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз. Алаңға барымызды салып, жеңіс үшін ойнаймыз.

Командадағы атмосфера өте жақсы. Алдыңғы ойындардағы нәтижелерден кейін жағдай сәл қиындау болады деп ойлаған едік. Бірақ қазір бар назарымыз ертеңгі матчқа ауып отыр. Құдай қаласа, ойынға дайынбыз», — деді Жасұлан Әмір.