logo

Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 109 орынға жоғары көтерілді

Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 109 орынға жоғары көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандықтардан рейтингіде ерекше нәтиже көрсеткен Зарина Дияс болды.

Кеше Түркиядағы Кайсери турнирінің чемпионы атанған Зарина 488-ден бірден 109 сатыға жоғарылап, 379-орынға орнықты. Өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне (31) әлі алыс болғанымен, қазақстандық теннисші рейтингіде көтеріліп келеді.

«Бұл жеңіс мен үшін маңызды. Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралып, алғашқы жеңісіме қол жеткіздім. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге рахмет», - деп жазды Зарина Дияс Түркияда үздік шыққаннан кейін Инстаграмдағы парақшасында.



Күн шежіресі