logo

Карен Хачанов: Жұқаевтың соққысы мені таң қалдырады, мұндай күшпен қалай соққы жасауға болады?

Карен Хачанов: Жұқаевтың соққысы мені таң қалдырады, мұндай күшпен қалай соққы жасауға болады?

Әлемнің 26-шы ракеткасы Карен Хачанов Бейбіт Жұқаевты жеңгеннен кейін қазақстандық теннисшіні мақтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

— Релаксация мүлдем болған жоқ, керісінше, белгілі бір шиеленіс болды, Дегенмен ол Қазақстаннан, оның жағында жанкүйерлер болды. Мен неге дайындалу керек екенін түсіндім. Өз геймдерімді жақсы ойнадым және жеңдім. Жұқаевтың соққысын мені әрдайым таң қалдырады, мен мұндай күшпен қалай ұруға болатынын түсінбеймін. Соққысын қайтаруға әр уақытта тырысамын, бірақ жетістікке жете алмаймын. Мүмкін Бейбіт маған мұны қалай жасайтыны туралы кеңес берер?

— Келесі қарсылас Вукич. Ол Жұқаев сияқты жақсы соққы жасайтынын ескере отыра, онымен матчқа қандай жоспар болады?

— Тактика көп өзгермейтіні анық. Вукичтің жақсы соққы жасайтыны түсінікті, бірақ Бейбіт Жұқаевқа қарағанда әлсіз. Сонымен қатар, ол артқы жағында көбірек қысым жасайды. Соққыны қабылдап қана қоймай, бастаманы өз мойныма алуды жоспарда бар. Қиын матч болады, мен жақсы ойын көрсетуге тырысамын.



Күн шежіресі