logo

Зарина Диас бастаған Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирінен тыс қалды

Зарина Диас бастаған Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирінен тыс қалды

Лондонда «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңінде қатысып, финалға дейін еркін жеткен Қазақстанның бес теннисшінің барлығы да негізгі айналымға өте алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Үкілеген үміттердің арасында ерлер санатынан Михаил Кукушкин франциялық Уго Гастоннан айласын асыра алмай, жеңіліс тапты. Тағы бір спортшымыз Денис Евсеев Бельгия өкілі Зиза Бергсуден өте алмады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Франция атынан сынға түскен Квентин Галиге қарсы қауқар көрсетпеді. Ал әйелдер арасында ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралған Зарина Дияс Қытай теннисшісі Чжу Сян Байданнен жеңілуге мәжбүр болды.

«Уимблдон» турнирінде Қазақстан атынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Сонымен бірге, жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов шеберлік сынасады.