Бейбіт Жұқаев Уимблдон іріктеу кезеңінің финалында

Бейбіт Жұқаев Уимблдон іріктеу кезеңінің финалында

Бейбіт Жұқаев Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте серб Хамад Медьедовичке 6:7 есебімен ұтылды, бірақ кейін 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, матчты өз пайдасына шешті.

Енді негізгі кезеңге шығу үшін Бейбіт француз Кентен Галиға қарсы ойнайды.



Күн шежіресі