Анна Данилина Германиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Оливия Николлс – франциялық Диан Парримен сынға түсті.
Қазақстандық-қытайлық жұп бір сағат 41 минутқа созылған тартысты матчта 7:6 (7:4), 7:5 есебімен ұтты. Олар 4 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Николлс – Парри 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Анна Данилина – Сюй Ифань финалға шығу үшін тайбэйлік Хао-Чин Чань – ресейлік Вероника Кудерметовамен таласады.