Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын жекпе жекке шақырды

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшы Дэвид Бенавидеспен жекпе жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sport+
«Бенавидес менімен кездесуге келіссе, мен қашан да дайынмын! Бұл керемет текетірес болады! Ол мықты боксшы, ал қос шебер шаршы алаңда кездескенде, жанкүйерлер нағыз қызыққа толы көріністің куәсі болады. Бокс — бұл бизнес емес, бұл спорт!» — деп жазды Әлімханұлы.
Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) орта салмақтағы WBO және IBF титулдарының иегері. Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) болса жақында жартылай ауыр салмақтағы уақытша чемпион белдігін қорғап шықты. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен кубалық Давид Морреледен (11-1, 9 КО) басым түсті.