logo

Жәнібек Әлімханұлы өзін жекпе-жекке дайындап жатқан Мырзағали Айтжановқа сыйлық жасады

Жәнібек Әлімханұлы өзін жекпе-жекке дайындап жатқан Мырзағали Айтжановқа сыйлық жасады

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы қазан айында өтетін жекпе-жегіне дайындап жатқан бапкер Мырзағали Айтжановты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

13 қыркүйек – Мырзағали Айтжановтың туған күні. Әуесқой бокстан ұлттық құраманы ең ұзақ жаттықтырған бапкер 54 жасқа толды. Әлімханұлы бапкердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Айтжанов 31 жастағы боксшыны алдағы жекпе-жегіне дайындап жатыр. Өйткені кездесу уақыты тығыз болғандық Жәнібек Америкаға барып үлгермеді. Қазір Қазақстанда дайындалуда. Отандасымызға спарринг қарсылас ретінде биыл Өзбекстаннан қоныс аударған Аман Қонысбеков шақырылған. Ал бапкер ретінде көмектесуге Мырзағали Айтжанов келіскен.

Өз кезегінде туған күн иесі ел намысын қорғап, туды көтеріп жүрген азаматқа әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен негізі 14 шілдеде кездесуі тиіс болған. Бірақ «QAZAQ Style» салмақ қуам деп, ауруханадан бір-ақ шықты. Қазақстандық боксшы алдағы айда Михайловичпен жолығамын деп отыр.

Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, Әлімханұлы 19 қазанда Орландо (АҚШ) қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетеді. Аталған кештің басты оқиғасы Тим Цзю мен Бахрам Муртазалиев арасындағы кездесу болмақ.



Күн шежіресі