Еден жуған Әлімханұлы жанкүйерлерін ойландырып қойды
Қазан айының басында жекпе-жекке шығатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаттығудан соң ринг еденін жуып, жанкүйерлерін таңдандырып қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
WBO/ІBF нұсқаларында әлем чемпионы атанған боксшы бұл әрекетін өзі ісіне жауапкершілікпен қатар, жас боксшыларға үлгі болу ниетімен жариялағанын жеткізді.
«Ринг - менің екінші үйім. Жұрт мені қарапайым екен деп ойласын деп емес, жастарға бағыт болсын деп әдейі осы видеоны жүктедім. Аға болып ініге жол көрсетіп, дұрыс түсінік қалыптастыра алмасам маған сын! Чемпион болсаң да, болмасаң да өзің жаттығатын залды таза ұстау керек! Еденді жуа салу, рингті тазалай салу адамды өсірмесе, өшірмейді! Көтермесе, төмендетпейді», - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.
Бұған дейін боксшының менеджері Жәнібектің алдағы айда жекпе-жекке шығатынын айтқан еді. Отандасымыздың қарсыласы Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович болмақ.