logo

Жан-Әли Пайруз: 2020 жылы Беларусь клубына Алиев жібермей қойды

Жан-Әли Пайруз: 2020 жылы Беларусь клубына Алиев жібермей қойды

Семейлік «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Жан-Әли Пайруз Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Беларусь чемпионатына ауыспау себебін түсіндіріп, Қайрат Нұрдәулетовпен «Жетісуға» неге бармағаны туралы айтып берді.

— Былтырғы маусым аяқталғаннан кейін «Мақтаарал» клубынан бірден кетем деген шешімге келдіңіз бе?  Немесе соңына дейін Атакенттік командадан жауап күттіңіз бе?

— «Мақтаарал» командасында қалатын ойым болғам, бірақ өкінішке орай команда Екінші лигада ойнайтын болған соң, клубтан кетемін деген шешім қабылдадым. «Мақтаарал» командасында өткізген екі жыл уақыт үшін алғысым шексіз. Клубпен осындай жағдай болғаны өте өкінішті. Бірақ, олар бір күні Премьер-лигаға оралады деген үміттемін.

— «Мақтааралда» бірнеше ай жалақы төленбеді деген ақпарат қаншалықты рас? Қазіргі уақытта клуб сізге қарыз ба?

— Қазіргі уақытта клубтың менің алдымда қарызы жоқ.

— Қайрат Нұрдаулетовтен «Жетісуға» шақырту болған жоқ па?

— Иә, Қайрат Жұмабекұлы желтоқсан айында мені шакырған, бірақ соңына дейін барлығын шешіп келісе алмадық.

Жан-Әли Пайруз: 2020 жылы Беларусь клубына Алиев жібермей қойды

— 2019 жылы сіздің Беларусь чемпионатына ауыспауыңызға Али Алиев себепкер болды ма?

— 2020 жылы желтоқсан айында Беларусь елінен, нақтырақ айтсақ Премьер-лига командасы сапында бірінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, екінші жиынға барайын деп жаттым. Алайда, «Шахтер» клубының басшылығы маған: «бас бапкер саған сенім артуда» деп жібермей қойды.

— Алаңға кездесудің екінші таймында жиі шықсаңызда, нәтиже көрсетіп жүрсіз. Чемпионатта бастапқы құрамда сирек көрінуіңіз жайлы бапкермен сөйлестіңіз бе?

— Әрине, әрбір футболшы әрқашан негізгі құрамда ойнағысы келеді. Бірақ, осылайша мен командама пайда әкелсем және команда жеңістерге жетсе, мен бақыттымын. Бұл — бас бапкердің қабылдап жатқан шешімдері дұрыс екенін білдіреді. Мен үшін командалық мақсаттар жеке жоспарлардан әрдайым жоғары тұрады.

— «Елімай» турнир кестесінде үздік үштікте келе жатыр. Команда чемпиондыққа таласуға дайын ба?

— Бәрін уақыт көрсетеді. Менің ойымша ол туралы ойлауға әлі ерте. Барлық ойымыз, тек келесі өтетін ойында.



Күн шежіресі