OCTAGON лигасының чемпионы, UFC ұйымының бұрынғы файтері Жалғас Жұмағұлов ACBJJ лигасымен төрт жекпе-жекке келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport+.

Бұл туралы қазақстандық спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Жұмағұловтың жаңа лигадағы алғашқы кездесуі Дубайда өтетін турнирде болады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұловтың чехиялық лигадағы чемпиондық белбеуінен бас тартқаны белгілі болған еді.