Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Катарда өткен UFC турнирінде Алик Лоренцті екінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sport+.

Отандасымыз бірінші раундта ұпай саны бойынша басым түсті. Ал екінші раундта қарсыласының басына аяқпен соққы жасап (хай-кик), оны нокдаунға жіберді. Артынша жерде жатқан қарсыласын жоғарыдан жұдырықпен соққылап (хаммерфист), жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл — Дияр Нұрғожайдың әлемдегі ең беделді ММА ұйымы саналатын UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі.