Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожай Катарда өткен турнирде америкалық Алик Лоренцті жеңгені үшін келісімшартта қарастырылған төлемдерден бөлек, 100 мың доллар көлемінде бонус алды, деп хабарлайды Sport+.

Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, кештің үздік өнер көрсеткен спортшысы ретінде (Performance of the Night) қосымша сыйақыға ие болды.

Осылайша, Дияр Нұрғожайдың аталған турнирден тапқан жалпы табысы 100 мың доллардан асты.