Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев әлемдегі ең беделді ММА ұйымы — UFC тарихында өз есімін қалдыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Отандасымыз UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесінде сәтті орындалған тейкдаундар саны бойынша тарихи рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Оның еншісінде қарсыласын партерге сәтті түсірудің 36 көрсеткіші бар.
Бұл көрсеткіш бойынша қазақстандық файтер америкалық Дастин Ортисті басып озды.
