Зайнутдинов пен Айымбетов Қазақстанға келмеуі тиіс: Самат Смақов
Түркияның Суперлигасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов Қазақстанға оралмауы тиіс, деп хабарлайды Sport +.
Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Самат Смақов «Бірінші бол» тілшісіне берген сұхбатында осылай деді.
«Түркия чемпионатының деңгейі өте жоғары. Егер сен жекелей көрсеткіштер бойынша оқ бойы озық тұрсаң, онда алаңға шығасың. Бахтиер Зайнутдинов Түркияның топ клубында ойнайды. Ол жақта кілең жұлдыздар жиналған. Оның үстіне, Баха да легионер, тиісінше оған қойылатын талап мүлде бөлек. Бірақ Баха басқа көрсеткіштер бойынша мықты. Ол тәртіпке бағынатын, команда үшін ойнайтын футболшы, сенімді қорғаушы. Оны қорғаныс шебіне түсіріп жатқаны да сондықтан, ал шабуылда басқа қабілеттер керек», - дейді ол.
Самат Смақов Зайнутдиновтің өте еңбекқор, өзіне өте талапшыл футболшы екенін атап өтті.