logo

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) және оның командасына кезекті жекпе-жегінде не үшін WBO чемпиондық белдігін қорғамағаны туралы түсіндіруді сұрады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

WBO ұйымы чемпиондық белдікті ерікті қорғау титулдан айыруға себепші болуы мұмкін екенін ескертті. Сондай-ақ, ұйым қазақстандық боксшының командасына осы жағдайды түсіндіруге 5 күн уақыт берді

Егер Жәнібек Әлімханұлының түсініктемесі WBO ережелеріне сәйкес келмесе, қазақстандық боксшы чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін. Бұл жағдайда титул бос қалады және ол үшін WBO рейтингінің бірінші және екінші нөмірлері: британдық боксшылар Хамза Шираз (21-0, 17 КО) және Дензел Бентли (20-3-1, 17 КО) жұдырықтасады. 

Айта кетейік, отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтың командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын алға тартып, бокс кешінде WBO титулы сарапқа түспеді.



Күн шежіресі