logo

Сағындық Тоғамбай Қамшыбек Қоңқабаевпен жекпе-жекке дайын екенін айтты

Сағындық Тоғамбай Қамшыбек Қоңқабаевпен жекпе-жекке дайын екенін айтты

Шымкентте бокстан өтіп жатқан Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдіәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде 92 келіде бақ сынап жатқан Сағындық Тоғамбай 1bol.kz тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«86 келіде мен тек бір ғана жарысқа қатыстым. Басқа уақыттарда 92 келіде бақ сынадым. Бұған дейінгі жарыстарда, Азия Ойындары, спартакиада болсын салмағым жетпей тұратын. Қазір физикалық тұрғыда толысып, 92 келіге төселдім деп ойлаймын.

Әлемде қай боксшымен болсын жұдырықтасуға дайынмын. Қамшыбек Қоңқабаевты өте қатты сыйлаймын. Аға деп үлгі тұтып жүремін. Бірақ шаршы алаңда кездессек, өз мүмкіндігімді мүлт жібермеймін. Жеңімпазды ринг анықтайды», - деді С Тоғамбай.