logo

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚР ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚР ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Талдықорғанда жасөспірім қыздар арасында волейболдан еліміздің қысқы чемпионаты басталды, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Біріншілікке қатысуға 19 команда өтінім берген. Жетісу облысының «Өркен» және «Жастар 2» спорт залында өтіп жатқан жарыстың алғашқы ойынын «Маңыстау-Арена» мен «Алматы КГУ 64» командалары ашып берді.

Нәтижесінде ақтаулық спортшылар суырылып алға шығып, ірі есеппен жеңіске жетті. Екінші ойын Ақтөбе облысының «Хромтау-Қобдасы» мен Жамбыл облысының атынан сынға түскен волейболшы қыздар арасында өтті. Бұл кездесуде «Хромтау» спортшылары өз қарсыластарынан басым түсті.

Күзгі чемпионаттың қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының волейболшы қыздары бірінші орынды ұтып алса, Батыс Қасақстан облысы екінші, Солтүстік Қазақстан облысының ойыншылары үшінші орынға ие болған еді. 



Күн шежіресі