Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті (видео)

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрымды боксшымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Виктория ¼ финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.
Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.