logo

Санжар Тәшкенбай бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

Санжар Тәшкенбай бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта Хутайфа Эшишпен (Иордания) кездесті.

Бірінші раунд тек дәрежеде өтті. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші үшминуттықта жеңісті суырып алды.

Енді Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.



Күн шежіресі