Қазақстаннан 7 боксшы Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші күнінде жұдырықтасады. Жарыстың тікелей эфирі

Ливерпульде өтіп жатқан Әлем чемпионатының бесінші күні Қазақстаннан жеті боксшы өнер көрсетеді. Үшеуі күндізгі бағдарламада (басталуы 16:00–де), ал төртеуі кешкі сессияда (басталуы 22:00–де) жұдырықтасады.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:
Гүлсая Ержан (80 келі) — Ивета Лесинцките (Литва)
Төрехан Сабырхан (70 келі) — Финн Роберт Бос (Нидерланды)
Сағындық Тоғамбай (90 келі) — Джек Марли (Ирландия)
Аида Әбікенова (65 келі) — Канг Сукён (Оңтүстік Корея)
Бейбарыс Жексен (60 келі) — Сачин Сивач (Үндістан)
Сабыржан Аққалықов (75 келі) — Павел Ильюша (Украина)
Айбек Оралбай (+90 келі) — Мусахит Илияс (Түркия)
Әлем чемпионатының тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.