logo

Наталья Богданова өзіне бокстан әлем чемпионатының медалін қамтамасыз етті (видео)

Наталья Богданова өзіне бокстан әлем чемпионатының медалін қамтамасыз етті (видео)

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында түркиялық Сема Чалышканмен өзара мықтыны анықтады.

Наталья Богданова алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Наталья Богданова (70 келіге дейін) өзіне кем дегенде әлем чемпионатының қола медалін қамтамасыз етті.



Күн шежіресі