logo

Вандерлей Дастан Амангелдіні жекпе-жекке шақырды

Вандерлей Дастан Амангелдіні жекпе-жекке шақырды

Бразилиялық Вандерлей Мексикано Левандовски Нұрбек Қабдрахмановтан жеңілгеннен кейін командаласы Дастан Амангелдіге, 61 келі салмақтағы NAIZA белбеуінің иесіне, жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Баршаңызға Сан-Паулу қаласынан сәлем! Мен Бразилияда, өз үйімдемін, Нұрбек Қабдрахмановпен болған жекпе-жектен кейін толықтай қалпыма келдім және осы күзде жаңа шақыруларға дайынмын. NAIZA-ға титулдық мүмкіндік бергені үшін өте ризамын, қыркүйек-қазан айларында қайтадан октагонға шығуға дайын боламын. Есімде болса, сіздердің 61 келідегі чемпиондарыңыз Дастан Амангелді жекпе-жекке дайын екенін айтқан еді. Дастан, егер сенің ойың өзгермесе, жекпе-жекке шығайық».

Вандерлей Қабдрахмановтан бірінші раундта нокаутпен жеңілді.



Күн шежіресі